Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның бас полицейі облыс аудандарында азаматтарды қабылдады

СҚО-ның бас полицейі облыс аудандарында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов алты аудандық полиция бөлімдерінің жұмысымен танысты. Өңір полициясының жетекшісі Мамлют, Жамбыл, Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Қызылжар аудандарының әкімшілік орталықтарында әкімдермен және аудан активмен кездесті. Жеке құраммен кездесулер өткізіп, полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы, елімізде қаңтар айында орын алған оқиғалар аясында міндеттерді орындауға қатысты қызметкерлердің дайындығы тексерілді.

Бас полицей қызметкерлерді тәртіпті және заңдылықты қатаң сақтауға, халықтың сұрақтарына ден қоюға, жұмыстың сервистік моделіне көшуге бағдарлады. Айдын Қабдұлдинов кездесулерге қатысқан ардагерлер кеңесі төрағаларының рөлін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Ішкі істер органдарына ғұмырын арнаған ақсақалдар бүгінде жас офицерлермен және сержанттармен тәжірибе мен білімдерін бөлісе отыра, тәрбие жұмысына зор үлестерін қосуда.

Жеке құраммен кездесулерден бөлек, арнайы жабдықталған «азаматтарды қабылдау бөлмелерінде» ауылдықтар жеке мәселелерімен қабылданды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаруды тіркеу, көші-қон желісі бойынша, жұмысқа орналасу, қызметкерлердің жұмысына қатысты алғыс сөздері – алты ауданда оннан астам адам қабылданды. Барлық сұрақтар бақылауға қойылды.

Осындай көшпелі жұмыс кездесулері қалған аудандарда, сондай-ақ қалалық полицияда да өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру