Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның екі тұрғыны желідегі алаяққа сеніп, 5 млн теңгелерінен айырылған

СҚО-ның екі тұрғыны желідегі алаяққа сеніп, 5 млн теңгелерінен айырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтардың интернет арқылы жасайтын қулықтарының ең қауіптісі – «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңырауы». Желілік аферистер алаяқтықтың дәл осы түрімен адамдарды көп шығынға батырады.

Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөліміне қылмыскердің шоттан 2 миллионнан астам қаражат шешіп алғаны туралы ер адам жүгінді. Оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, шотыңыздан біреу ақша шешіп алмақшы болып жатыр деген әдеттегі «аңызды» айтқан. Жұмысқа берілген ер адам тұтқаның арғы жағындағы алаяқ екенін аңғармастан sms-хабарламамен келеген кодты айтып берген. Бұл оның депозитіне қол жеткізетін бір реттік код болатын. Ол барлық жинақтаған ақшасынан айырылғанын кейін түсінген.

– Жәбірленушінің айтуынша, ол интернет-алаяқтықтың қаупі туралы білген, алайда сол уақытта жұмыстан қолы босамай, мән-жайды анықтамаған. Тәжірибе көрсеткендей, кей жағдайларда интернет-алаяқтықтан хабары бар адамдардың өздері зардап шегуі әбден мүмкін, өйткені алаяқтар психологиялық қысым көрсету әдістерін жақсы меңгеріп алған. Бірнеше күннен кейін тағы осындай факті тіркелді: киберқылмыскерлердің қаупі туралы жақсы білген әйел, бірнеше қоңыраулардан кейін ұсынылған шотқа 3 миллионнан астам ақшасын аударған, – деп хабарлайды Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Тәртіп сақшылары «банк қауіпсіздік қызметінің қоңырауы» – алаяқтардың қулықтары екендігін естен шығармаған жөн дейді. Егер шоттарыңыз туралы күмәндансаңыз банк филиалына жүгініңіз, сол жерден шынайы ақпарат ала аласыз. Қандай жағдай болмаса да, жеке мәліметтеріңізді: нөмірлеріңізді, пин-кодтарды, банк карталарының cvv-кодтарын, sms-хабарламмен келетін бір реттік кодты ешкімге сеніп, айтпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру