Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның полицейлеріне алғыстарын білдірді

Тыл еңбеккері,  ауыл тұрғыны және фура жүргізушісі Солтүстік Қазақстан облысының полицейлеріне алғыстарын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлерінің атына адамдардың ризашылықтары түрлі жолмен келіп жатады: хат арқылы немесе әлеуметтік желілердегі түрлі пікірлер арқылы. Мәселен,  ҰОС ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Зоя Давыдова қоңырау шалып,  жылы лебізін білдірді. Бұған себеп, мамырдағы мерекелер қарсаңында басшылықтың және Ардагерлер кеңесінің мерекемен құттықтап баруы болды. 85 жастағы әжей жалғыз тұрады. Балалары үнемі жанынан табылады, алайда, полицейлердің ілтипаты да ол үшін ерекше.

Зоя Яковлевна -  соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіру жолында еңбек еткендердің бірі. Соколовский ауданында масақ және үсіген картоп жиғаны әлі есінде. Сол жылдары буыны қатпаған балалар майданнан оралмаған ерлердің орнына күні-түні жұмыс істеген, Зоя Яковлевна да солардың қатарында соқамен жер жыртып, бораналаған. 15 жасында жарақат алыпты: дем алуға мүмкіншілігі болмаған қыз бала егістікте өгізбен жер жыртып жүрген кезде ұйықтап кетіп, саусағын қысып алған. Ауруханадан шыққан соң аспаз болып жұмыс істейді. Өзінің замандастары сияқты Зоя Яковлевна да тынымсыз еңбек еткен.

"Сіздер, біз үшін жеңімпазсыздар, бастарыңыздан өткен сынақты тек рухы мықты, батыл адамдар ғана бағындыра алады", - деп алғыс хатта тыл еңбеккерлеріне жылы лебіздерін СҚО Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев және СҚО бойынша ІІО және ҰҰ Ардагерлері кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев білдірді. Ұмытпай келіп тұратындарына алғысым шексіз, жылы сөздерден көңілім босап кетті, - деді риза болған әжей.

Жамбыл ауданынан Марат Төлебаевтың атына тағы бір хат келді. "Құрметті Марат Сағынтайұлы! - деп отбасының атынан Ольга Сурова жазыпты.- Жоғалған жылқымызды тез тауып бергендеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Асан Мейрамовтың басшылығымен полиция бөлімінің қызметкерлері 3 тәулік ішінде жылқыны тауып, қайтарып берді".

34 жастағы алматылық Петр Ткаченков алғысын бейне жазба ретінде жіберген.  Алкогольсіз сусындар тиелген фура Нұр-Сұлтаннан Сургутқа бет алған, алайда, көлік жолда сынып қалып, бес тәулік Қызылжар мен Мамлют ауданының арасында  қосалқы бөлшектерді күтіп тұрып қалған. Сол күндері СҚО  Полиция  департаменті  патрульдік полиция батальоны 2-взводының қызметкерлері жүкті күзетіп, жүргізушіге азық-түлік әкеліп тұрған және көлікті жөндеуге көмектескен.

"Сегіз жыл бойы фура жүргізіп келемін,  бұған дейін полицейлердің көмегіне бірнеше рет жүгінген болатынмын, алайда дәл осындай қонақжайлықты күтпеген едім, - депті жүргізуші. - Алғысым шексіз,  баршаңызға бақыт пен сәттілік тілеймін!".

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру