Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның үздік самбошы полицейлері республикалық жарыста өңір намысын қорғайды

СҚО-ның үздік самбошы полицейлері республикалық жарыста өңір намысын қорғайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда ІІМ чемпионатына қатысу үшін полиция қызметкерлері арасында самбодан іріктеу жарыстары өтті. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамасына 50 қатысушының ішінен үздік шыққан 7 қызметкер енді.

Олардың қатарында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Асхат Халыбай бар. Бұл санатта ең көп – 12 спортшы бақ сынады. Асхат төрт белдесуде қатарынан жеңіске жетіп, мықтылығын дәлелдеді.

98 келіден жоғары абсолюттік салмақта Әділ Қайыров жеңімпаз атанды.

Жарыстың басты жаңалығы – Ақжар аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Ербол Хамит болды. Ол бұған дейін мұндай сайыстарға қатыспағанымен, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш айқын жеңіске жетіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жарысты СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері мен "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ІІМ спартакиадасы аясында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында өтетін облыстық полиция департаменттері құрамалары арасындағы самбо чемпионатында СҚО ПД-ның намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру