Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД басшысы аудандарды аралады

СҚО полиция басшысы шалғай ауылдардағы қарамағындағы қызметкерлердің жұмысы туралы халықтың пікірін біліп қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жұмыс сапарымен Аққайың мен Тайынша аудандарына барды. Облыстық полиция басшысы ауылдық округтердің халқымен кездесіп, аудандық полиция бөлімдері мен ауылдық учаскелік инспекторлардың жұмысы туралы есебін тыңдады, жұмыс жағдайын тексерді.

Аудан орталығы Смирновода 5 900-дан астам адам тұрады. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті екі учаскелік инспектор мен бір көмекшісі қадағалайды. Олардың учаскелік пункті ауыл орталығында орналасқан, қызметтік компьютерге қосылған 19 бейне камера арқылы аудан орталығын бақылап отырады. Марат Төлебаев смирновтық учаскелік инспекторлардың жұмыс жағдайымен жеке танысып, полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратын, жекелей алғанда ауыл тұрғындарынан өтініштерді қабылдауға «азаматтарды қабылдау бөлмесінің» жұмысқа дайындығын тексерді.

Мәдениет үйінің залында аудан әкімі Рүстем Елубаевтың қатысуымен оның ішінде 12 ауылдық округті қоса, аудан халқымен кездесу өтті. Облыстық полицияның басшысы ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде сервистік модельге көшу процесіне тоқталды, сондай-ақ басымдылықтар мен міндеттерді атап өтті. Ол облыста 1414 сыртқы бақылау камерасының, оның ішінде мыңнан астамы облыс аудандарында жұмыс істейтінін еске сала кетті. 103 камера Аққайың ауданында орнтылған. Өткен жылы олардың көмегімен бес қылмыс пен 290 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Аққайыңдық полицейлердің жұмысы туралы полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров толығырақ тоқтала кетті. Криминогенді жағдай – тұрақты, өткен жылы қарақшылық шабуыл, тонау, қорқытып алу, бұзақылық фактілері тіркелген жоқ. Облыстық полиция ведомствосының басшысы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмысын кеңінен өткізуге, халыққа синтетикалық есірткінің аса қауіпті екендігін түсіндіруге, сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған үшін жауапкершілік жайлы айтуға нұсқау берді. Кездесу соңы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді жәрдемдескені үшін ауданның төрт тұрғынын марапаттаумен және төрт адам қатысқан азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды.

Сол күні облыстық полицияның басшылығы Тайынша ауданының Ясная Поляна ауылдық округіне барды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция пунктіндегі жұмыстың жағдайымен танысып, аудан әкімі Руслан Анбаевпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ясная Поляна ауылдық округінің төрт ауылына учаскелік инспектор Рустам Қабисов қызмет етеді. Оның жұмысы жайлы, сондай-ақ Тайынша ауданы полиция бөлімінің жедел-қызметтік жұмысы туралы қорытындылар мен пікірлер аудан әкімі Руслан Анбаевтың қатысуымен тыңдалды.

Полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 92% құрайтындығын атап өтті. Алаяқтықтың өсуі байқалады: өткен жылы осындай 12 қылмыс тіркелді, оның 10-ы интернет- алаяқтық. Марат Төлебаев қылмыстың осы түрін алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізуді тапсырды. Ол сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу үшін заманауи технологияларды қолдану және полиция мен жергілікті «Живи сердцем» еріктілер ұйымының белсенді өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында Марат Сағынтайұлы белсенді азаматтық ұстанымы үшін ауданның үш тұрғынын алғыс хатпен марапаттады, ал үш полиция қызметкері жерлестерінің қошеметімен кезекті арнайы атақтарын алды. Смирново ауылында өткендей, кездесу соңында облыстың бас полицейі азаматтарды жеке қабылдады, онда ауыл тұрғындарының төрт мәселесі қаралды. Ашықтық, айқындылық, сондай-ақ солтүстікқазақстандық полициясының жұмысы туралы халықтың пікірін мониторингілеу мақсатында, осы форматтағы кездесулер жуырда облыстың барлық аудандарында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру