Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД басшысы Петропавлда полиция қызметкерлерінің мерекеге дайындығын тексерді

СҚО ПД басшысы Петропавлда полиция қызметкерлерінің мерекеге дайындығын тексерді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық саптық қарауы өтті. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов құқықтық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің дайындығын тексерді.

Ол жеке құрамға қырағы және мұқият қызмет атқаруды, кез келген төтенше жағдайға дайын болуды, “Заң және Тәртіп” қағидаларын қатаң ұстануды, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтауды тапсырды.

Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автопатрульдер мен жаяу жасақтар халық көп жиналатын орындарға жақындатылатын болады. Жүздеген полиция қызметкері тұрғындар мен қонақтардың көктемнің жарқын мерекесін тыныш қарсы алуы үшін қызметтік міндеттерін атқарады.

Саптық қарау аяқталған соң қызметкерлер оркестрдің сүйемелдеуімен сап түзеп жүріп өтті және қызмет атқару орындарына тарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру