СҚО ПД бастығы Ақжар ауданына іссапармен барды
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы – шекаралас және стратегиялық маңызды аймақ. Мұнда, өңірдің оңтүстік-шығысында, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық және жол қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауданға жұмыс сапарымен СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов барды.
Сапардың негізгі бағыты – балалардың қауіпсіздігін тексеру болды. ПД бастық Талшық орта мектебіне барып, күзет қызметінің жұмысын, сыныптар мен дәліздердегі бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ дабыл батырмасын өз көзімен тексерді. Жоғары басымдықтағы сигнал кезекші бөлімге түсті, және бірнеше минут ішінде толық жабдықталған құрам – тергеуші, жедел уәкіл және криминалист – оқиға орнына жетті.

Департамент бастығы министрлік тарапынан белгіленген негізгі міндеттерді атап өтіп, жеке құрамды ішкі істер органдары қызметінде мемлекеттік басымдықтарды тиімді жүзеге асыруға бағыттады. Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов полиция қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғыс білдіріп, Арман Жабинге, Саян Космағанбетовке және Рашат Бердібаевқа Құрмет грамоталарын табыс етті.
Сонымен қатар ішкі істер органдарының ардагерлері – Ғабдулашым Әмринге, Майлыбай Айсиновқа және Олег Солтановқа да ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс айтылып, естелік сыйлықтар тапсырылды. Салтанатты шара барысында полиция қызметкерлерінің ата-аналары да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, учаскелік инспектор Даурен Бейсеновтің және тергеуші Ербол Хамиттің әкелеріне зал толы көрерменнің қол соғуымен алғыс білдірілді.
Полиция департаментінің бастығы полицияның әкімшілік ғимаратындағы қызмет жағдайымен танысып, учаскелік пункттің кабинеттерін аралады, сондай-ақ аудандық бөлімнің музей экспозицияларын тамашалады. Кездесу барысында жеке құрамды «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында адал әрі жауапты қызмет етуге бағыттады.

Ақжар ауданы тұрғындарының жалпы әлеуметтік көңіл күйі аудан әкімі Рустем Елубаевтың халық алдында өткен есептік кездесуі барысында байқалды. Аталған жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Кездесу кезінде ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынды.
