СҚО ПД бастығы азаматтардың интернет-алаяқтықты тергеуге қатысты сұрақтарына жауап берді
СҚО ПД бастығы азаматтардың интернет-алаяқтықты тергеуге қатысты сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың AMANAT партиясында өткізген жеке қабылдауына үш адам келді. Бір сұрақ кадр мәселесіне, екеуі – алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Азаматтардың барлығы сұрақтарына толық жауап алды.
Жыл басынан Қабдұлдинов өткізген 13 қабылдауда 29 адам болды. Ол және оның орынбасарлары осындай форматта азаматтармен аптасына екі рет кездеседі. AMANAT партиясында жеке қабылдаулар тоқсанына бір рет өткізіледі. Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары азаматтардың сұрақтарына күн сайын жауап беруге дайын.
СҚО ПД бастығының жеке қабылдауына 8 (7152) 39-41-63, 39-40-20 телефондары арқылы жазылуға болады.