СҚО ПД бастығы БАҚ өкілдерімен кездесті
СҚО ПД бастығы БАҚ өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция басшысы журналистермен өткен кездесу барысында 2026 жылға арналған басым міндеттердің бірі ретінде Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігі қойған тапсырмаларды орындау тұрғанын атап өтті. Негізгі бағыт ретінде "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету айқындалып отыр. Сонымен қатар жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жұмысты дамытуға ерекше назар аударылмақ.
Абай Жусупов полиция мен бұқаралық ақпарат құралдарының сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі ақпараттық кеңістікте журналистердің объективтілігі, кәсібилігі мен жауапкершілігі ерекше құндылыққа ие. Департамент басшылығы мен жеке құрамы жарияланымдарды мұқият бақылап отырады, өңірлік БАҚ материалдарымен жақсы таныс және полиция қызметіне қатысты өткір әрі күрделі жағдайлардың байыпты, теңгерімді түрде жариялануына ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында медиа қоғамдастық өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. "Погондағы журналист" республикалық байқауына қатысқаны үшін ішкі істер министрінің алғыс хатымен төрт журналист марапатталды. Сондай-ақ 2025 жылы полиция қызметкерлерінің сан қырлы, күрделі әрі кей жағдайда қауіпті еңбегін объективті түрде жариялауға үлес қосқан журналистер мен бейнеоператорларға алғыс хаттар табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін журналистер полиция ведомствосымен алдағы ақпараттық өзара іс-қимылға қатысты пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныс айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Абай Жусупов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне іскерлік ұстанымдары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да сабырлы әрі мазмұнды диалог жалғасатынына сенім білдірді.

