Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы Есіл ауданына жұмыс сапарымен барды

СҚО ПД бастығы Есіл ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданына жұмыс сапарымен барып, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновпен бірге ауданның қауіпсіздік және цифрлық даму бағытындағы жұмыстарымен танысты. Сапарға облыстың барлық аудан әкімдері мен күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Сапар барысында терроризмге осал нысандардың дайындығы тексерілді. Явленка ауылындағы А. Шәжімбаев атындағы №3 орта мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бет-әлпетті тану жүйесімен жабдықталған кіру бақылау жүйелері көрсетілді. Ұқсас тексеріс “Алтын Есіл” сауда үйінде де жүргізілді.

Облыс басшылығы аудандық полиция бөлімінің жаңартылған кезекші бөлімі, уақытша ұстау изоляторы және облыстық департаментке сигнал беретін бейнебақылау жүйесімен танысты. Сонымен қатар жолдардағы орташа жылдамдықты бақылауға арналған пилоттық жоба ұсынылды.

Цифрлық шешімдердің тиімділігіне ерекше назар аударылды: кеудеге тағылатын бейнетіркегіштер, автоматты құқықбұзушылықтарды тіркеу жүйелері мен бақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуда өз тиімділігін көрсетті. Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бейнебақылау мен тіркегіштердің қолданылу нәтижелері туралы баяндап, цифрлық шешімдердің құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін нығайтудағы тиімділігін атап өтті.

Жұмыс сапары аудан әкімдігінде аяқталып, онда күштік құрылымдардың басшылары облыс әкіміне нақты шараларды таныстырып, қауіпсіздік шараларын күшейту және барлық қызметтердің өзара әрекетін арттыру бойынша қосымша тапсырмалар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру