Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы полицейлерге қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды

СҚО полиция департаментінде жедел кеңес өтті, онда осы жылдың 9 айы бойынша полицияның жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің негізгі талаптары мен тапсырмаларын, ІІМ алқасының отырысында берілген мәліметтерді айтты. СҚО ПД бастығы мәселелерге, атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың жоғары деңгейіне назар аударды. 9 айда осындай қылмыстың 575-і тіркелген. Қабдұлдинов халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

– Полиция қызметкерлері, тіпті қарапайым өтіп бара жатқан адамдар ықтимал құрбандарды қылмыскерлерге ақша аударудан құтқарған көптеген мысал бар. Егер әрбір қызметкер профилактикалық жұмысты тиісті деңгейде жүргізсе, біз бұл қылмыстың деңгейін төмендете аламыз, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Сондай-ақ жедел кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов полиция бөліністерінің басшылығына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға, кәмелетке толмағандар мен әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударуды тапсырды.

– Алдын алуға ең үлкен назар аударылады. Маскүнемдер, жанжалқойлар, бұрын сотты болғандар, есепте тұрғандар – барлығы учаскелік инспекторлардың назарында болуы керек, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру