СҚО ПД бастығының қабылдауында 100-ден астам азамат болды
СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың қабылдауында 100-ден астам азамат болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция жұмысындағы ашықтық, айқындық және сервистік сияқты басымдықтардың ішінде азаматтарды қабылдау және өтініштерін қарастыру бойынша жұмыс желісі аса маңызды болып табылады. Жыл басынан СҚО Полиция департаментіне 1011 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 921 және заңды тұлғалардан 90 өтініш қабылданды. Әрқайсысына уақтылы жауап берілді.
Облыстық полиция басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауды өткізу жұмысы ерекше бақылауда. СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев жыл басынан 100-ден астам азаматты қабылдады.
Олардың басым бөлігі жыл басынан СҚО полициясының басшысымен барлық 13 ауданда өткізілген көшпелі кездесулер аясында қабылданған ауыл тұрғындары. Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу тәртібі, автокөлікті тіркеу, қылмыстық істерді тергеу, полиция жұмысына алғыс білдіру – СҚО Полиция департаменті бастығына түрлі сұрақтар келіп түседі. Әр сұраққа жауап беріліп, мәліметке алынады, қойылған сұрақтардың қатыстылығы бойынша қызметтер мен бөліністердің басшыларына тиісті нұсқаулар беріліп, мерзімдер белгіленеді.
СҚО Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваның айтуынша, облыстың бас полицейінің қабылдауына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары бойынша жазылуға болады. Қабылдайтын күні – сәрсенбі. СҚО Полиция департаменті бастығы мен оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі өңірлік полицияның әкімшілік ғимараттарына орналастырылған. Бұдан бөлек, СҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарларының байланыс мәліметтері ведомствоның кіші порталында орналастырылды («Департамент туралы», «Құрылым» бөлімі https://bit.ly/3noTpPy ).
Бұдан бөлек, «Facebook» әлеуметтік желісінде 2019 жылдың 1 маусымынан СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың ресми парақшасы жұмыс істейді, парақшаға полиция құзыретіне жататын сұрақтармен жүгінуге болады.