Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері марапатталды

СҚО ПД-да өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаментінде өткен салтанатты жиында ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерін аталмыш қызметтің 30 жылдығымен құттықтады.

Ол СҚО ПД ӨҚБ – жеке құрам қатарындағы тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған жедел-тергеу бөлімшесі екенін атап өтті.

Бұл қызметтің тиімді жұмысы полиция қатарын офицерлердің ар-намысына нұқсан келтірген қызметкерлерден тазартуға, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жиналыста ҚР Ішкі істер министрі полиция Ержан Сәденовтің құттықтау жеделхаты оқылды.

Қызметтің мерейтойына орай өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Әлішер Нұралиев “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Қажымұрат Қазиевке ІІМ-нен алғыс жарияланды.

Бұдан бөлек, қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ӨҚБ қызметкерлері Айдар Жұмағазин мен Азамат Айбасов СҚО ПД грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру