Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті

СҚО ПД-да тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ведомство жеке құрамының тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне арналған полиция жиналысы өтті.

Кинологтар, айдауыл қызметкерлері, жүргізуші полицейлер, ғимараттарды күзету жөніндегі взвод – СҚО ПД басқармалары мен бөлімдерінің басшыларынан басқа, жиналысқа осы күні кезекшілікке және патрульге түскен қызметкерлерді қоспағанда, барлық қатардағы және сержанттық құрамы қатысты.

СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин ішкі істер министрлігінің тәртіп пен заңдылықты сақтау жай-күйі туралы шолуларын жиналғандардың назарына егжей-тегжейлі жеткізді; еліміздің барлық өңірлерінен мысалдар алынды. Бұдан басқа, Әбілғазы Ғабдуллин әрбір басшы мен қызметкерге тұрмыстағы тиісті мінез-құлық, жарғы мен әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігі туралы жүгінді.

Қоғам мен мемлекет қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында тәулік бойы тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне үлкен сенім білдіреді. Әрбір полицейдің мінсіз мінез — құлқынан, олардың әрқашан адамдарға көмекке келуге дайын болуынан – қазақстандық полицияның барлық жеке құрамы туралы пікір қалыптасады.

СҚО ПД еске салады: Солтүстік Қазақстан полициясы қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы іс-қимылдардың барлық фактілері бойынша СҚО ПД өз қауіпсіздігі басқармасының сенім телефондарына: 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 немесе “102” арнасына оқиғаның мән-жайы мен нақты орнын көрсете отырып, тікелей түрде хабарласа аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру