СҚО ПД көші қон қызметінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында мемлекеттік қызметтердің дәстүрлі жәрмеңкесі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер мен мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және оларды электрондық форматта пайдалану перспективасы туралы кеңес берді.
Жәрмеңке көші-қон қызметі басқармасының операциялық залында өтті. Ұйымдастырушыларға бірден ондаған азамат жүгінді. Негізінен адамдарды жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібі және шетел азаматтарын тіркеу мәселелері қызықтырды. Барлық өтінішке мамандар нақты жауап берді.
– Көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2024 жылдың 7 айында тек «Мемлекеттік корпорация» арқылы 95 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 36244 Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру; 443 ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу, 3031 ҚР-да уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру болды, – деп атап өтті СҚО ПД КҚҚБ бастығының м.а. Ермек Нұсұрбаев.
Жалпы, СҚО ПД аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтің 33 түрін көрсетеді.
2024 жылдың 7 айында жалпы полицияның қатысуымен азаматтарға 130551 мемлекеттік қызмет көрсетілді.