СҚО полицейі қазақ күресінен 4 дүркін чемпион атанды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қазақ күресінен екі жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының қызметкері Батырхан Қайырбек Қазақстан Республикасы ішкі стер министрлігі құрама командасының сапында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының XI ведомствоаралық спартакиадасы аясында үздік палуан атағы үшін сайысқа түсті.
Кілемде ІІМ, ТЖМ және Қазақстанның басқа да күш құрылымдарының үздік балуандары бақ сынады.
Полиция қызметкері Қайырбек 74 келіге дейінгі категорияда табанды күресте бірінші орынды иеленді. Енді ол аталған жарыстардың 4 дүркін чемпионы болып атанды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ ХІ спартакиадасы да өтті. Онда тағы бір солтүстікқазақстандық азамат ерекше көзге түсті. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі кезекші бөлімінің көмекшісі Бекасыл Ермахан үздік атанды.
Құқық қорғау органдарының спорттық жетістіктері полицияның имиджін нығайтуға, сондай-ақ жеке құрамды өзін-өзі дамытуға ынталандырады.