СҚО полицейлері 400-ден астам тұрмысы қолайсыз отбасыны тексерді
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері төрт күннің ішінде 400-ден астам тұрмысы қолайсыз отбасыны тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған 36 жастағы қала тұрғынына көмек көрсетті. Жуырда құжаттарды толтыру рәсімдерінен өту үшін қалалық полиция басқармасына апалы-сіңлілі жүгінген еді, біреуі мәселе бойынша, екіншісі ере келген екен.
Полицейлермен әңгімелескен кезде күтпеген жерден көздеріне жас алып, мән-жайды айтып берген.
Екіншісінің Петропавлда тұратын жері болмаған, өйткені жанжалдан кейін бірге тұратын ер адам бес айлық қыздарымен ауылға кетіп қалған екен. Әйелде үй-күйі жоқ, пәтер жалдауға да жағдайы келмейді.
Полиция басқармасының ЖПҚБ қызметкерлері Айнұр Беркімбаева және Зарина Елубаева мән-жайды зерделеп, әйелді «Ана үйіне» орналастырады. Бұл мекемеде баласыз тұруға болмайды, алайда, полицейлердің өтініші бойынша әкімшілік бір жолға көнген екен: әйелді орналастырып, сәбиді келесі күні әкелген, баланың әкесі қарсылық білдірмеген. «Ана үйінде» әйел екі апта тұрған, кейін жұмысқа орналасып, жалдамалы пәтерге көшкен. Өкінішке орай, көп ұзамай әйел тағы да ащы суды асыра іше бастаған, баланың әкесі сәбиді ауылға қайта алып кеткен екен. Қазіргі уақытта аталған жұп полицейлердің бақылауында және мұндай жағдайлар баршылық.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және ескерту үшін полицейлермен ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, операция барысында тұрғылықты жерлері бойынша есепте тұрған төрт мыңнан астам адам тексерілді, оның 2429-ы маскүнем, 507-сі нашақор және 410-ы тұрмысы қолайсыз отбасы. 651 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның жартысы дерлік алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде қоғамдық орындарда жүру.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобы); 8 (7152) 39-48-56 (Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобы) сенім телефондарына немесе «102» нөміріне хабарласа алатындықтарын еске салады. Сондай-ақ, қалалық ПБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобында +7-708-332-45-61 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.