Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Абай – ұлы тұлға” атты әдеби кешке қатысты

СҚО-да полицейлер мен әскери қызметшілер мәдени-танымдық іс-шарада Абай шығармашылығынан білімдерін шыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай күні қарсаңында СҚО полиция және қорғаныс істері департаменттерінің қызметкерлері Петропавл қаласындағы И.Шухов атындағы кітапханада өткен “Абай – ұлы тұлға” атты әдеби кешке қатысты.

Мемлекеттік тілде өткен іс-шараға тәртіп сақшылары тарапынан ПД аппаратынан, яғни арнайы жұмылдыру даярлығы басқармасы және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған “Әлем таныған ұлы Абай” тақырыбында көрмені тамашалап, өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, “Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз” ойнына қатысып, “Абайды білесің бе!” әдеби сайыста бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар қазақ халқының ұлы ақынының шығармашылығы және күрделі де қиын өмір жолы жайлы білімдерін шыңдай түсті.

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазинаның айтуынша, осындай іс-шаралар қызметкерлердің мемлекеттік тілді тереңінен ұғынуға серпін береді. Бұл – бөлім жұмысының маңызды бағытының бірі. Бөлім қызметкерлері тәртіп сақшыларының мемлекеттік тілді оқуын ұйымдастырып қана қоймай, тілді кеңінен насихаттауға ат салысады. Облыстық полиция ведомствосында іс жүргізу толық мемлекеттік тілге көшірілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру