Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ағаш кесетін кәсіпорында жасалған ұрлықты ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ағаш кесетін кәсіпорында жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Саумалкөлдегі ағаш тілетін кәсіпорыннан құрал-жабдықты ұрлау фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Айыртау ауданы ПБ қызметкерлері басқа қылмысты анықтады. 2020 жылғы қарашада кәсіпорыннан ағаш тілгіштің қымбат тұратын дискісі жоғалған. Шығын сомасы 420 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады, ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сол кәсіпорында жұмыс істейтін 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол кәсіпорында күзетші болып істеген. Ұрлықты өзі кезекшілікте болған күні жасағаны анықталды. Кейін ұрланған затты ауылдасына сатқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған зат алынды. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

– Жыл басынан ауданда бөтеннің мүлкін ұрлаудың жеті фактісі орын алды, оның алтауы ашылды, – дейді аудандық ПБ бастығы Марат Серкешов. – Аудан тұрғындарын өз мүліктерін сақтау бойынша шаралар қабылдауын сұраймыз. Кәсіпкерлерге бизнес-объектілерін дабыл құрылғыларымен, бейнебақылаумен жарақтандыруды ұсынамыз. Бұл – аталған қылмыс түрін алдын алудағы және ашудағы ең тиімді құрал болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру