Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері аң аулау ережелерін еске салады

СҚО полицейлері аң аулау ережелерін еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер облыс тұрғындарына жақында көктемгі аңшылық маусымының басталатынын хабарлайды.

23 сәуір мен 7 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген түрлерді қоспағанда, жабайы үйректер мен құр аталықтарын аулауға рұқсат етіледі. Оларды тек аңшылық шаруашылықтарында, рұқсат беруші құжаттар болған жағдайда ғана атуға болады.

Аңшылардың өздерімен бірге аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы немесе жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсат қағазы болуы тиіс. Полицейлер аңшылардан заң талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

– Аңшылық маусымы басталғаннан кейін табиғатты қорғау полициясы мен мүдделі ведомстволар қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шаралары күшейтіледі. Мұндай шаралар заңсыз аң аулау, аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін болдырмау үшін қабылдануда. Сондай-ақ, 15 сәуірден бастап СҚО полицейлері кең ауқымды «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясына қатысады. Біздің облыста бұл жануар мекендемейтіндігіне қарамастан, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаментімен бірлесіп осы жануарлардың контрабандасымен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша ведомствоаралық мобильдік топтар ұйымдастырылатын болады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру