Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері artemia salina шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті

СҚО полицейлері artemia salina шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері өңір табиғатына зиян келтіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп тұрады. Сондықтан бағалы аrtemia salina шаяндары кездесетін тұзды көлдер үнемі тәртіп сақшыларының басты назарында.

Мамлют ауданындағы Меңкесер көлінің жағасында өткізілген кезекті рейд барысында табиғатты қорғау тобының полицейлері Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғынын тоқтатты. Одан құм тәрізді зат салынған қап пен торлы дорба тәркіленді. Болжам бойынша бұл биоқосындыларды өндіруде және косметикалық өнеркәсіпте сұранысқа ие аrtemia salina шаяндарының жұмыртқалары.

– Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалды. Жалпы, жыл басынан облыста табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 863 әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде аңшылық ережелерінің – 576, балық аулау ережелерінің – 282 бұзушылығын және заңсыз ағаш кесудің 2 фактісін анықтады. 14 қылмыстық іс қозғалды, оның 9-ы заңсыз аңшылық бойынша тіркелген, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру