Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері атыс патрондары салынған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты

СҚО полицейлері атыс патрондары салынған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Петропавл тұрғыны атыс патрондарын заңсыз сақтағанын мойындады. Оның жауабы бойынша петропавлдық полицейлер қаладағы саяжай учаскелерінің бірінің маңынан қапқа салынған ішіне оқ-дәрі толтырылған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты. Иір ұңғылы қаруға арналған 5,45 мм калибрлі 659 патрон тәркіленді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес олар атуға жарамды екені анықталды.

– Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған тұлға, егер әрекетінде қылмыстың белгілері болмаса заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, – дейді Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру