СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіледі
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауыл тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Транзит” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мамлют ауданының ПБ қызметкерлері ауылдардың бірінің 35 жастағы тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған жеті пакет тапқан. Сараптама көрсеткендей, жалпы салмағы 3,5 келіден астам аталған зат кептірілген марихуана болып табылады және аса ірі мөлшеріне жатады. Мән-жайды анықтау кезінде жазда ер адамның қараусыз қалған бақшасында жабайы қарасораның бүтін бір “плантациясы” табылған. Учаскелік полиция инспекторы өсімдікті жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарған. Көп ұзамай ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға шабылған қарасораны көрсеткен. Алайда, оның айтуынша, жинап кептіріп, кейін жеке мақсатта пайдалану үшін үйінде сақтағанын түсіндірген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Облыста өткізілген ЖПІШ барлық кезеңінде 23 құқық бұзушылық анықталды, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев. — Оның ішінде — үш қылмыс: контрабандалаудың бір фактісі мен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың екі фактісі. Төрт келі астам есірткі мен психотроптық заттар, оның ішінде 500 грамм синтетикалық есірткі алынды.