Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында үйінен марихуананың аса ірі мөлшері тәркіленген 55 жастағы солтүстікқазақстандық 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйінен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік түйіншек анықтады. Дәл осындай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болды. Бұл заттың жалпы салмағы 1 келі 22 грамды құрады. Сараптама нәтижесі оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғынның үйінен екі пластикалық бөтелке тәркілеп алды.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі тексеріледі, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.

Полицейлер ескерткендей, есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану үшін де 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген.

Есірткінің заңсыз айналымымен түбегейлі күрес – полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Жыл басынан СҚО полицейлері 27 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті, оның 11-і – өткізу фактісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру