Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап беріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер халықтың сұрақтарына “Жолда қабылдау” дәстүрлі республикалық акциясы аясында әлеуметтік желілерден тікелей эфирде жауап беріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефон нөмірі арқылы “тікелей желі” жұмысы ұйымдастырылды.

“Бұрыш баллонына рұқсат қажет пе?” – деген пайдаланушы сұрағына қаңғыбас иттерден және басқа да жағдайларда өзін-өзі қорғау құралы ретінде еркін сатып алуға болады деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Ерболат Қабұров.

Сондай-ақ ол қару сейфінде бөгде заттарды сақтауға тыйым салынатынын еске салды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл қару иелерінің жиі жасайтын бұзушылықтарының бірі болып саналады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті процессингтік орталығының бастығы Әсет Мәтен пайдаланушының сұрағына жауап бере отырып, 16 жастан бастап көлік жүргізуді үйренуге болатынын және оларға “А1” санаты берілетінін хабарлады. Алайда жүргізуші куәлігін тек 18 жасында ғана алуға болатынын айтты.

Акция қыркүйектің 13 және 14 аралығында өткізіледі. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтері бөлімшелерінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері өз жұмыстары туралы айтып, пайдаланушылардың сұрақтарына толық жауап береді. Жарты күнде полицейлерге барлығы 20-дан астам сұрақ келіп түсті. Осындай жұмысты аймақтың аумақтық бөлімшелері өздерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру