Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бес күн ішінде 29 мас жүргізушіні анықтады

Солтүстік Қазақстан полицейлері жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шараларды үнемі қабылдауда. Мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілері қашан да өзекті мәселелердің бірі. СҚО полицейлері бес күн ішінде 29 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, түн уақытында Mitsubishi көлігін басқарған 45 жастағы Петропавл тұрғыны тоқтатылды. Ол қалалық кафелердің бірінде “демалғаннан” кейін үйіне қайтып келе жатқан. Медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін растады. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша материал жиналды. Ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Енді ол 7 жыл бойы көлікті тек жолаушы ретінде ғана пайдалана алады.

Ал Қызылжар ауданында Асаново ауылының маңында полицейлер 39 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен Mercedes көлігін тоқтатты. Ол мас күйде мас жолаушыларды тасымалдаған, сонымен қатар оның көлікті басқару құқығы болмаған. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес, 20 тәулікке қамауға алынды.

Бұл фактілер облыста 7-11 маусым аралығында өткен “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

– Әрбір осындай сапар ықтимал қайғылы оқиға екенін түсіну маңызды. 5 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 9 жол-көлік оқиғасы болды. 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілерімен күресу – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Облыс жолдарында 5 күн ішінде полиция қызметкерлері 29 мас жүргізушіні тоқтатты. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру