Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бес күнде іздеудегі 10 қылмыскердің жүрген жерін анықтады

СҚО полицейлері бес күнде іздеудегі 10 қылмыскердің жүрген жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары басшылықтың ұдайы бақылауында. Қазіргі уақытта облыс аумағында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бес күнінде 10 қылмыскердің жүрген жері анықталды. Қызметтік іссапар барысында петропавлдық жедел уәкілдер астаналық әріптестерімен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ұрлық жасады деген күдікпен СҚО тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Солтүстік Қазақстанға жеткізіледі. Ал Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше ауыр ұрлық жасауда күдіктіні ұстады, ол наурыздың басынан іздеуде болған.

– Әсіресе сот органдарынан қашып шет елге кеткісі келетін ауыр және аса ауыр қылмыс жасаудағы күдіктілерді іздестіруге ерекше назар аударылады. Аталған жұмыс шеңберінде облысымызда РФ Амур облысының ішкі істер органдарымен іздеудегі қылмыскер табылды, ал Өзбекстан полицейлері СҚО-да іздеудегі күдіктіні анықтады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Операция наурыздың 9-18 аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру