СҚО полицейлері білім беру ұйымдарының басшыларымен оқу орындарының қауіпсіздігін талқылады
СҚО полицейлері білім беру ұйымдарының басшыларымен оқу орындарының қауіпсіздігін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавл қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен бірге терроризмнен қорғану мәселелерін талқылады. Ақпараттық-түсіндіру форматындағы кездесу бірінші гимназияда өткізілді.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыда осал объектілерге қатысты заңнаманың талаптарын, техникалық қорғау құжаттарын жасауға қойылатын талаптарды, террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою тәртібін түсіндірді. Барлық осы мәліметтерді білім беру мекемелерінің басшылары педагогикалық құрамға жеткізіп, қызмет барысында іске асыруды мақсат етті
Сондай-ақ СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері терроризм актісі жайлы көрінеу жалған хабар беру үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды. Террористік қауіп туралы хабарлама түскенде арнайы қызметтердің әрбір шығуы материалдық шығындарға әкеледі және ұйымдардың қалыпты жұмысына кедергі келтіреді. Жалған хабарлама тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл ретте жауапкершілік ата-аналарға жүктелетін болады. Сол себептен мұғалімдер оқушылар арасында мұндай жағдайлардың алдын алуға белсенді қатысты.
Тәртіп сақшылары айтып өткендей, қоғамның барлық институттарының тығыз өзара іс-қимылы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың сенімді іргетасы.