Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бір айдың ішінде әлеуметтік желілердегі 122 хабарламаға ден қойып, жауап берді

СҚО полицейлері бір айдың ішінде әлеуметтік желілердегі 122 хабарламаға ден қойып, жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғалары, жол ережесін бұзу, автокөлікті тіркеу, жол инфрақұрылымы, қоқыс тастайтын жер, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиналатын орындары, кішігірім ұрлық және басқа да тақырыпта желі қолданушылары СҚО полициясының ресми аккаунттарын көрсете отыра, комментарийлер жазады.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде әлеуметтік желілерге ақпараттық ден қоятын жұмыс тобы жұмыс істейді. Топқа облыстың және қалалық полицияның басты бөліністерінен: жергілікті полиция қызметі, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, криминалдық полиция, тергеу, анықтау, әкімшілік полиция басқармаларынан тәжірибелі қызметкерлер кіреді. Полицейлер күн сайын әлеуметтік желілердегі белгілі пабликтер, топтар мен парақшаларды тексеріп, ресми комментарийлер дайындап, орналастырып отырады.

Қазан айының ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша оннан аса әкімшілік хаттама толтырылды, негізінен автокөлікті тіркеуге қатысты 20 шақты түсінік пен кеңес берілді. Жауаптың көпшілігі ұсақ жол-көлік оқиғасы жайлы жарияланған болды.

– 2021 жыл Ішкі істер министрлігінің басшылығымен «Құқық бұзушылық профилактикасы және «халыққа жақын полицей» қағидатын қамтамасыз ету жылы болып жарияланды, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Әлеуметтік желілерде қолданушылар жариялайтын өзекті мәселелер мен проблемалардан хабардар болу, өз құзыреті шегінде проблемаларға ден қоя отыра, оларды виртуалды кеңістікте де шешуді қамтамасыз ету полиция жұмысының сервистік моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда петропавлдықтар Instagram әлеуметтік желісін жиі пайдаланады. Пабликтер контентінің негізгі тақырыптары – жаңалықтар, хабарландырулар, шағымдар. Егер жарияланғандарға полицияның ден қою қажеттігі туындаса, онда жұмыс тобының мүшелері комментарий дайындап, ведомствоның ресми аккаунтына ораластырады. Көбінесе желі қолданушылары ЖКО туралы посттарды орналастырады. Одан бөлек кей жағдайда құқық бұзушылықтың да куәсі болады, бірақ полицияға хабарламай, әлеуметтік желілерде бөлісуге асығады.

Орташа есеппен бір айда ден қою тобы 100 пост өңдеп, жауап берді. Instagram-нан бөлек солтүстікқазақстандық желі қолданушыларынан ВКонтакте және Facebook әлеуметтік желілеріне де сұрақтар түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру