СҚО полицейлері бір күн ішінде бұрын жасалған 4 мал ұрлығын ашты
16 қарашадан СҚО полицейлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығына жол бермеу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының және Ақжар ауданы ПБ жедел уәкілдері бұрын жасалған мал ұрлығының төрт эпизодын ашты. Ұрлық аудандық ЖШС-дің бірінде жасалған. Оның иесі бес қойының ұрланғанын айтып, 30 қараша күні полицияға жүгінген. Полицейлер екі күдіктіні – 2000 және 2001 жылдары туған Ақмола облысының екі тұрғынын анықтады. Олардың біреуі осы ЖШС-те бұрын бақташы болып жұмыс істеген, мал қашасына білдірмей кіріп-шығу жолдарын білген. Кейін ұрлықтың бірнеше рет жасалғаны белгілі болды. Жалпы сомасы 680 мың теңге болатын 17 қой ұрланған. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-б. (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде.
– Күдіктілердің айтуынша, олар қой етін таксимен Көкшетауға апарып тапсырып отырған, – деп түсіндірді СҚО ПД КПБ бастығы Петр Климов. – Облыс аудандарында құрылған мобильдік топтардың жұмысы осындай фактілердің алдын алуға бағытталған. Олар ет өнімдерін тасымалдаушыларда тиісті құжаттардың бар-жоғын тексереді. ЖПІШ шеңберінде аталаған жұмыс карантиндік бекеттерде де жүргізілуде. Айта кететіні, операцияның алғашқы күні тиісті құжаттары болмаған үш ет өнімдерін тасымалдаушы анықталды. Кейде өнімнің көліктің жүк салғышынан не тіркегішінен саудалануы мүмкін, осы мақсатпен базарлар мен оларға іргелес аумақтарға рейдтер жүргізілуде.
Операцияның алғашқы күні бұрын жасалған төрт ұрлықтың беті ашылды. 15 адам есепке қойылды, оның үшеуі – «мал ұрлаушы», жетеуі – «қасапшы», бесеуі – «ұрланған малдың етін сатып алушы/сатушы» санаттары бойынша. 62 автомашина, ет өнімдерін саудалайтын 34 орын тексерілді. Полицейлермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы (Ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамсын бұзу) бойынша төрт хаттама толтырылды.