СҚО полицейлері бір тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркіледі
СҚО ПД полицейлері СҚО трассасында Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп бір тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына контрафактілік алкогольдің көп мөлшердегі заңсыз айналымы туралы ақпарат келіп түсті.
Полицейлер облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылжар ауданының аумағындағы Астана — Петропавл автожолында 49 жастағы ер адамның басқаруындағы ГАЗель автокөлігін ұстады.
Көліктен құрамында спирті бар өнімі бар көлемі 0,5 литр болатын 70 бес литрлік бөтелке мен 2680 бөтелке тәркіленді. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 1 690 литрді құрады. Иесінің ішімдікке құжаттары болмаған.
Аталған факт бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
– Тиісті сапа тексерулерінен өтпеген лицензияланбаған алкоголь адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске саламыз, — деп атап өтті СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасында.