Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бұзақыны тәртіпке шақырған петропавлдық азаматты марапаттады

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық орында бұзақылық жасаған ер адамды тыныштандыру үшін шара қабылдаған 27 жастағы Дархан Баяхметовты марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні кешке Петропавлда 5 «М» маршруттық автобустың жолаушысы қажетті аялдаманы жіберіп алып, жол ақысын төлемей, орталық есіктен шығуға талпынған. Қизатов көшесінде автобус тоқтаған кезде ер адам автобус жүргізушісімен және басқа жолаушымен қақтығысқа түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 67 жастағы азаматты ұстады. Нәтижесінде ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаментінің басшылығы әлеуметтік желілерде «тарап кеткен» видеоға түскен жас жігіттің батылдығын атап өту туралы шешім қабылдады. Онда жас жігіттің агрессивті жолаушыны тәртіпке шақыруға тырысқаны анық көрінген. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев Дархан Баяхметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Қанат Айтбаев Дарханның нағыз ер адам ретінде әрекет еткендігін, қалыпты емес жағдайда батылдық пен әдептілік танытқандығын атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Дархан футболды жақсы көреді, білікті журналист. Қазіргі уақытта Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада кітапханашы болып жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру