Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Динамо” спартакиадасында жүлделі орындарға ие болды

СҚО полицейлері “Динамо” спартакиадасында жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда самбодан өткен жарыс өз мәресіне жетті. Бұл спорт түрі – құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізілетін “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасының жетінші түрі.

“Динамо” ДСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев біздің өңірдің танымал спортшылары Бауыржан Құлжанов пен Виктор Денисенко аталмыш спорт түрінің қызметкерлердің жұмысында ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бозкілемдегі кездесу ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өтті. Үздіктерді анықтау үшін 17 команда қатысты. Қызылжар ауданының полиция бөлімінен келген Қабидолла Қозыбаев 58 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. ҚР Ұлттық ұлан академиясының атынан өнер көрсеткен Мирас Амангелді 64 келіге дейінгі алдына жан салмады. СҚО ПД аппаратының атынан шыққан Сұлтан Бейісов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. 79 және 88 келіге дейінгі салмақта ҰҰ академиясынан келген Мадияр Мақаш пен Қадыржан Байсеріков үздік деп танылды.

98 келіге дейінгі ауыр салмақ дәрежесінде белдескендер арасында Петропавл қалалық ПБ қызметкері Ернар Жаңабаев, ал 98 келіден жоғары салмақта ПД аппаратының қызметкері Абылайхан Өмірзақ чемпион атанды. “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясында СҚО ПД атынан шыққан Самат Жантасовқа, “Үздік техника” номинациясында ерекшеленген ҰҰ академиясының спортшысы Мадияр Мақашқа кубок берілді.

– ҚР ҰҰ академиясының спортшылары жарысымыздың жеңімпазы атанды, екінші орын СҚО полиция департаментінің, үшінші орын Петропавл қалалық ПБ қызметкерлерінің еншісінде. Бұдан бөлек, аудандық командалар арасында бірінші орынды Тайынша ауданы иеленді, ал екінші және үшінші орындар Айыртау мен Қызылжар аудандарына бұйырды. Сондай-ақ 2023 жылғы спартакиаданың қорытындысы бойынша ҚР ҰҰ академиясы жеңімпаз атанды. Екінші орынды СҚО ПД қызметкерлері, үшінші орынды Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полицейлері жеңіп алды. Барлық жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табысталды. Өз салмақтарындағы жеңімпаздарға “Динамо” ДСҚ атынан бағалы сыйлықтар берілді, – деді Талғат Туғанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру