Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері егістік даласынан 90 орама сабан ұрлығын ашты

СҚО полицейлері егістік даласынан 90 орама сабан ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тайыншадағ егіс даласында орын алған бірнеше ұрлықты ашты. Басқа қылмыс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары үй-үйлерді тексеру кезінде екі ауыл шаруашылық кәсіпорынның егіс даласынан бірнеше адамның ұрлық жасағаны жөнінде жедел ақпарат алды. Белгілі болған бес эпизод бойынша 18 бен 32 жас аралығындағы жеті ауыл тұрғынының қатыстылығы анықталды. Олардың бірінде егіс даласынан жеке көлікпен үш орама ұрланған. Барлығы 90 орама қолды болған. Оның 28-і сатылған, қалғаны күдіктілердің аулаларынан анықталды. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) және ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Екі автомобиль мен бір трактор және тіркеме алынды. Ұрланған зат заңды иелеріне қайтарылды.

Тайынша ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Арғын Қошқарбаевтың айтуынша, маусымдық ұрлықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Күз кезінде жаңа астықтың өніміне, малдың жем-шөбіне, малға қол салып жатады. Аудан полицейлері ауыл шаруашылық ұйымдары басшыларымен тығыз жұмыс істейді, егіс даласындағы күзетті күшейтуге ұсыныс жасайды. Сондай-ақ, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары қауіпсіздік шараларын күшейту, бейнебақылауды кеңінен енгізу және басқа да құралдармен нығайту бойынша ұйғарымдар шығарады. Сонымен қатар, аудандық полицейлер ауылдық округ тұрғындарын біріктіретін чаттарға қосылған. Олар қашықтықтан ауыл тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы айтып, малдарын еркін жайылымға жіберудің жауапкершілігі, мал ұрлығының және басқа да кең тараған қылмыс түрлері туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру