Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдерді тексерді

СҚО-да “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде ювеналды полицейлер есепте тұрған тұрмысы төмен отбасылар мен жасөспірімдер бойынша рейдтерті күшейтілген режимде жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтерге СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаттары, “Аманат” партиясының, қорғаншылық, білім беру органдарының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Петропавл қаласында есепте тұрған 16 жастағы қыздың тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеру барысында тәртіп сақшыларын ішімдіктің иісі шығып тұрған анасы қарсы алды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартты, бірақ әйелдің өзін-өзі дұрыс ұстамауы полицейлерді процедуралық шешім қабылданғанға дейін оны қызынан айыруға тура келді. Қызды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастыруға тура келді.

– Ата-аналардың ішімдікті асыра пайдалануы жасөспірімдердің қараусыз қалуының ең көп тараған себептерінің бірі. Қыз бала бірнеше рет үйден кетіп қалып, құқық бұзушылық жасаған. Мұндай жағдайларды шешу үшін мемлекеттік және қоғамдық институттардың шоғырландырылған қатысуы қажет. Рейд барысында барлығы 20 тұрмысы төмен отбасы және есепте тұрған 3 жасөспірім тексерілді, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Евгений Скорощеко.

Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Тәртіп сақшылары ересектерді балалардың қараусыз қалуына жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру