СҚО полицейлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша сабақтар өткізуде
СҚО полицейлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша сабақтар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша сабақтар өткізуде. Оқу жылының басында СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мектептер мен колледждерде, жоғарғы оқу орындарында профилактикалық іс-шараларды қайта бастады. Түсіндіру жұмыстарына волонтерлер, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері көмектесуде.
«Жастар мәслихаты» ҮЕҰ бірлесіп, Петропавл темір жол колледжінің бірінші курста оқитын студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
– Басқа аудандар мен облыстардан келген студенттерге өз бетінше өмір сүруге және ересек өмірге бейімделуге тура келеді. Бұл тұста, есірткі жағдайы туралы ресми және дұрыс ақпарат беру, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың күшейтілгені туралы ескерткен және есірткіні қолданудың ауыр салдары туралы айтқан маңызды. Біздің сабағымыздың тақырыбы – атап айтқанда жастар жағы жиі «бойұсынатын» «Синтетикалық есірткілер», – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова.
Погондағы дәріскер синтетиканы шамадан тыс қолданған жағдайда одан аман қалудың жолы жоқ екендігін айтып өтті. Бұл есірткілерді қолдану – ауыр, қиын емделетін, көбіне миды, жүйкені, адам денсаулығын зақымдайтын емделмейтін ауруға әкеп соғады. Биылғы жылы облыста есірткіні шамадан тыс қолданып адам өлімімен болған үш жағдай тіркелді. Наркологияда есепте 573 адам тұр, оның біреуі кәмелетке толмаған. Есірткіні заңсыз сақтағаны, өткізгені, таратқаны, есірткі заттарын жарнамалағаны және насихаттағаны үшін 77 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 286 келіден астам есірткі заты тәркіленді, оның ішінде төрт келіден астам синтетикалық есірткі. Есірткіні таратқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, студенттерге синтетикалық есірткінің зияны туралы «Соли и спайсы. Дорога в никуда» атты бейнематериал көрсетілді. Айта кететін болсақ, аталған фильмнің екінші бөлігінің түсірілімі аяқталып келеді.
Жастардың бос уақыттарын ұйымдастырумен айналысатын «Жастар мәслихаты» өкілдері қаланың барлық спорт алаңдарында өтетін спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шараларға қатысуға альтернатива ұсынды.