Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интеллектуалдық бейнекамераларды іске қосты

Солтүстікқазақстандық полицейлердің бейнетехника паркі 58 объектіге көбейді, – деп хабарлайды Polisia.kz

16 қараша сағат 00:00-де Петропавл қаласында жол жүру ережесіне қатысты бұзушылықтарды тіркейтін жаңа аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысын бастайды. Олар жылдамдық режимін бұзуды және тоқта сызығынан, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтуді анықтауға арналған. «Ақылды» техника автоматты режимде бұзушылықты тіркейді, көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтайды.

28 жаңа аппараттық-бағдарламалық кешеннің Limit-S 8 жылдамдық өлшеуіші жолдардың желілік учаскелерінде орнатылған. Олар екі бағытқа бұрылған, 250 км/сағатқа дейінгі жылдамдықты бұзуды тіркей алады. Облыс орталығында бірнеше көшеде 10, «Грин-парк» пен Мамлют тас жолындағы саяжай массиві маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 4 жылдамдық өлшеуіш жұмыс істейтін болады. Н.Назарбаев, Ғ.Мүсірепов пен Шәжімбаев көшелерінің қиылысында «Argus-Қиылыс» кешені жұмысын бастайды. Петропавлдың айналма жолында, сондай-ақ Қызылжар, Мамлют пен Тимирязев аудандарында «Ағын» жүйесімен біріктірілген «Argus-Рубеж» 4 кешені іске қосылады.

– Апаттылық пен азаматтар өтініштерінің талдауын есепке ала отырып, жаңа кешендер қозғалыс қарқыны жоғары жол желісінің қауіпті учаскелерінде орнатылды. Осы шара жол-көлік оқиғаларын алдын алуға, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларында көлік тәртібін сақтауға бағытталған. СҚО әкімдігінің қолдауымен облыстық полицияның бейнетехника паркі 58 жаңа объектіге толықты. АБК бөлек, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін 30 бұрылмалы бейнекамера орнатылды, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру