СҚО полицейлері интернет-ұрлықты ашты
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері интернет-ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Айыртау ауданының полиция бөліміне 42 жастағы ауыл тұғыны жүгінген. Ол наурыз айында банк картасынан 29 мың теңгенің жоғалғанын анықтаған. Жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыс жүргізді. Ер адамның интернет-алаяқтықтың құрбаны болу ықтималдылығы зор емес. Ол бөгде адамның шотына қол жеткізе алатындай ешкіммен құпия деректерімен бөліспегеніне сенімді болды. Алайда, полицейлер жәбірленушінің жақын таныстарының арасында сеніміне кірген 29 жастағы ауылдасының ер адамның телефонының және интернет-банкингі қосымшасының құпия сөзін білетінін анықтады. Әйелдің ақшаның жоғалуына қатыстылығы анықталды: жоғалаған қаражат оның карточкасына аударылған болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Интернет-ұрылар әрекеттерін жүзеге асырған кезде жеке деректерді қолға түсіру үшін жәбірленушіні алдамайды, бұл алаяқтыққа тән, – деп атап өтті аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев. – Бұл мобильдік құрылғылардың, қосымшалардың құпиясөздерін ешкімге жарияламау аса маңызды екенін көрсетеді. Бұл әлеуметтік желілердегі жеке парақшалардың құпиясөздеріне, банк реквизиттері, нөмірлері және банк карталарының cvv-кодтарына, смс-хабарламаларға келіп түсетін кодтарға да қатысты. Үш айдың ішінде ауданда 14 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Полиция бөлімінің қызметкерлері белсенді түрде киберқылмыстың алдын алу жұмысын жүргізуде. Жақындарыңызды ықтимал қауіптер туралы ескертуге және жеке, қаржы деректерді ешкімге айтпауға кеңес береміз.