СҚО полицейлері кикбоксингтен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді
СҚО полицейлері кикбоксингтен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері солтүстікқазақстандық полицейлердің қоржынын кезекті жеңіспен толықтырды.
Полиция лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен халықаралық турнирден алтын медальмен оралды. Халықаралық турнир WAKO «UZBEKISTAN OPEN» ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасынының Ташкент қаласында өтті. Нұрсұлтан 86 кг дейінгі салмақта сынға түсті. Спортпен 14 жасынан бастап шұғылданады. Полицияда 2020 жылдан қызмет атқарады. Кикбоксингтен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады, республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше рет «алтын» медаль еншілеген. Украиндық спортшымен болған ақтық жекпе-жек туралы былай дейді: «Бұл қарсыласым байсалды, қауіпті болғанымен, тәжірибем дұрыс тактиканы қолдана отырып, ырғағынан тайдырып жеңіске жетуіме көмектесті».
Полиция капитаны Ибрагим Беков спортқа қызметте жүрген кезінде қызығушылық танытқан. Полицияда 2014 жылдан қызмет атқарады. Қоян-қолтық ұрысқа әуестеніп, қосымша жаттығуға барады. Бүгінгі күні жекпе-жектен, қоян-қолтық ұрыстан және түйіскен қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Қостанайда өткен грэпплингтен (спорттық жеке жарыс түрі) республикалық турнирде облыстың намысын қорғап, екінші орынды иеленді.
Погон таққан споршыларды СҚО Полиция департаментінің аппараттық кеңесінде марапаттады.
– Спортпен шұғылдану – полицейлер үшін мықты дене бітімдерін қалыптастыруға бағыттайтын қосымша стимул Департамент басшылығы қызметкерлердің спорттық амбицияларын үнемі қолдайды. Спорт әлеміндегі жеңістер, облыс, одан кейін республика намысы үшін күресу, рухты нығайтуға және патриоттық тәрбиеге ықпал етеді, – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.