СҚО полицейлері көлігі жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмектесті
СҚО полицейлері көлігі жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Екатеринбург – Алматы автожолын патрульдеу кезінде жол үстінен шығып кетіп, омбы қарда тұрып қалған ГАЗель автокөлігін байқаған. Анықталғандай, Көкшетау қаласынан Қостанай қаласына жүксіз бара жатқан 29 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.
Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ЖШС-ға жүгінді, оның басшылығы жүк тиегіш трактор жіберді. Ауыр техника жол жиегін тазартып, жұмысшылар құм септі, кейін жүк көлігін жол үстіне сүйреп алып шықты. Бұл уақытта полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жүргізуші қиын жағдайда оған көмектескендердің барлығына алғысын айтты.
Патрульдік полицейлер автокөлік жүргізушілеріне қарлы жолдарда мұқият болуды еске салады, ауа райы бұзылған кезде жолдың шетін көру қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай оқиғалар болмас үшін шаршамаған жөн, жылдамдық режимін сақтап, қауіпті жерлерде жылдамдықты азайту қажет және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаған абзал.