Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мал азығын «сатқан» интернет-алаяқты ұстады

СҚО полицейлері мал азығын «сатқан» Рудный қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қашықтан отырып жасалатын интернет-алаяқтықтар бүкіл ел аумағында екі күннің бірінде тіркеледі. Киімдер, қымбат әшекейлер, электр құралдары, көліктің қосалқы бөлшектері – интернетте отырып әккі әрекетін іске асыратындар адамдарды арбаудың небір әдістерін меңгерген. Соңғы апталарда солтүстікқазақстандық полицияда төмен бағалармен мал азығын сатумен байланысты бірден төрт интернет-алаяқтық тіркелді.
Полицияға Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны жүгініп, OLX сайтында алданып қалғанын айтқан. Сөзінше, ол хабарландырулар арқылы 58 мыңға шөп теңдеріне (тюк) тапсырыс берген (1 тең үшін 7 мың теңге). Алайда сатушы ақшаны алысымен, не қоңырауға не хабарламаларға жауап бермеген. Осылайша жәбірленуші алданғанын түсінген.
Мамлют ауданының полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, маусымдық өзектілігі мен азыққа сұраныстың артуына байланысты аталған факті бақылауға алынды. Тексеріс барысында әйелдің алданғаны белгілі болды. Мамлют ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді. Қостанай облысына іссапар барысында интернет-алаяқтыққа күдікті анықталып, ұсталды. Ол 21 жастағы Рудный қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт Мамюткаға жеткізілді, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оның осы сценарий бойынша Қызылжар ауданының тұрғыны мен Петропавлдың екі тұрғыны зардап шеккен интернет-алаяқтық жасауға қатысы бары тексерілуде.
– Алаяқтар сол немесе басқа да маусымдық сұранысқа ие тауарларды желеу етіп, үнемі жаңа механизмдер мен сценарийлерді ойлап табады. Халықтан сақ болуды, пікірлерді, сатушылардың репутациясын зерделеуді, сондай-ақ олардан сататын тауарларының бейнешолуын жіберуін талап етуді сұраймыз, – дейді Серік Әлжанов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру