Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

СҚО басшылығы Мемлекеттік рәміздер күнінде Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мерекелік іс-шара Петропавл қаласының орталық алаңында өтті. Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов пен жеке құрам мерекеге жиналған басқа қызметтер мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен, спортшылармен және қала тұрғындарымен бірге Қазақстан Республикасының Туына, Елтаңбасына және Әнұранына құрмет көрсетті.

Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан тұтастығының символы, оның мемлекеттік және ұлттық болмысы. Бұл күні СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың өркендеуіне үлес қосқан бірқатар солтүстікқазақстандықты марапатталды. Оның арасында – қалалық басқарманың жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов табар.

Ширек ғасырдай еңбек өтілі бар кадрлық офицер учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік және ювеналдық полиция инспекторларының және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың жұмысына жауап береді. Облыс басшысы полицейлер су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті және тұрғындардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуліктік кезекшілікке түскен көктемгі сутасқыны кезіндегі оның қайсарлығын бағалады. Полиция подполковнигі А.Ақмағамбетовке алғыс хат табысталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаменжалғасты, кейін полиция қызметкерлері қызмет атқару орындарына тарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру