Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті

СҚО полицейлері MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатында алтын медальдарды жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жуырда Астана қаласында MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатынан чемпион белбеуімен, медальдармен және грамоталармен оралды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ибрагим Беков пен Айдархан Кайруллин алтын медальдарға, ал Абылайхан Өмірзақ қола медальға қол жеткізді.

Төрт күндік чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1500 спортшы қатысты. Ибрагим Беков 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті және бірден грэпплинг, шок бөлімдерінде жеңіске жетті. Айдархан Кайруллин 77 келіге дейінгі салмақта шок бөлімінде кездесу өткізіп, жеңімпаз атанды. Абылайхан Өмірзақ 84 келі және одан жоғары салмақта рингке шығып, қола медальға қол жеткізді.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов спортшы-полицейлерді жедел кеңеске қатысып отырған жеке құрамның алдында құттықтап, олардың спорттық жетістіктеріне жоғары бағасын берді. Темірдей тәртіпті ұстанатын, ауыр жұмысқа дайын, жеңіске деген ұмтылысы жоғары осындай қызметкерлер барлық жеке құрам мен жастар үшін нағыз үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру