Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері нашақорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты күшейтті

СҚО полицейлері нашақорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері нашақорыққа қарсы күресті күшейтті. "Есірткісіз болашақ" деген ұранмен Қызылжар ауданында оқушылар велосипедпен жүріп өтті. Қырыққа жуық велосипедші іс-шараға қатысып, өздерінің есірткіге қарсылықтарын білдірді.

- Айналамызда қызық дүниелер, спорттық ойындар көп. Ал есірткі – өмірге зиян келтіретін зор қауіп. Бұл туралы нақты фактілер көп көрсетіледі. Қорқынышты, - дейді велосипедші Руслан Клоков.

Барлық іс-шаралар 26 маусымда аталып өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналды. Полицейлер Психологиялық денсаулық орталығының қызметкерлерімен бірлесе өткізген "Темекіні кәмпите айырбаста" акциясы - салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Темекісін кәмпитке айырбастағысы келген петропавлдықтар көп болды. Кейбіреуі жаман әдеттерден гөрі тәттілерді тәуір көретіндерін айтты.

- Осындай ерекше іс-шаралар арқылы жастарға ой салғымыз келеді. Осы ай бойы түрлі акциялар, спорттық ойындар өткізілетін болады. Басты мақсат – есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан заңсыз айналымнан 18 келі түрлі есірткі алынды, есірткі жарнамалайтын және тарататын 97 сайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру