Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Наурыз мейрамы қарсаңында спорттық іс-шараларды өткізді

СҚО полицейлері Наурыз мейрамы қарсаңында спорттық іс-шараларды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер және “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының өкілдері бірден спорттың бірнеше түрлері бойынша сайыс өткізді.

Үстел теннисінен жарысқа ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Керемет реакция, әдіс, тактика, өзіне-өзі ие болу – бұл спорт түрін ұнататын жандардың бойында болуы қажет қасиеттер. Отставкадағы полковниктер мен майорлар өздерінің шымырлығын ғана көрсетіп қоймай, спортқа деген қызығушылықтарын, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтар алды. СҚО Полиция департаменті және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов СҚО ПД басшылығына Наурыз мейрамы қарсаңында осындай спорттык іс-шараның ұйымдастырылғанына алғысын білдірді, сондай-ақ сайыс ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, серігуге мүмкіндік бергені туралы атап өтті.


Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша жарыстар да қызықты өтті. Сайысқа облыстық және қалалық полиция бөліністерінің 40-тан астам қызметкері қатысты. Балалық шақтан таныс бұл үстел ойыны логиканы, тапқырлықты, логикалық математикалық ой мен шыдамдылықты дамытады; есептеу жылдамдығын ғана емес, сонымен бірге тактиканы да талап етеді. Ұлттық ойындар бойынша турнир де Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасымен және “Динамо” ДШСҚ өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Арқан тарту бойынша жолдастық кездесу әсерлі өтті.

Офицерлер ұлттық киімде болды, бұл тартысқа ұлттық реңк берді.


Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов атап өткендей, тоғызқұмалақ сайысы бойынша жүлделі үшінші орынды ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы Сабина Абдрахманова иеленді. Екінші орынды қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайыл алса, бірінші орынды Жедел басқару орталығының операторы Ұлпан Даньярова еншіледі.

– Полиция қызметкерлері арасында спортты насихаттау жұмысы ұдайы негізде жүргізіледі және жалғасатын болады, – деді Жанат Сағденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру