Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері оңтүстік астанадағы интернет-алаяқты ұстады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері оңтүстік астанадағы интернет-алаяқты ұстады, – деп хабарлайдя Polisia.kz.

Мамлют ауданының ПБ интернет алаяқтарға алданып, 180 мың теңгесінен айырылған ауыл тұрғыны жүгінген. Интернеттен ер адам “Mazda” автокөлігінің қозғалтқышы мен беріліс қорабы сатылатыны туралы хабарландыру тапқан. Аудан тұрғыны тапсырыс берілген қосалқы бөлшектер бес күнде жетеді деген сөзге сеніп, алдын ала төлем жасаған. Бұдан кейін қаскөймен арадағы байланыс үзілген. Алдаудың құрбанына айналғанын сезген ол полицияға жүгінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның ПБ қызметкерлері Алматы қ. 30 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол жедел уәкілдердің оңтүстік астанаға қызметтік іссапар барысында ұсталды.

– Полиция БАҚ пен әлеуметтік желілердің парақшаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және адамдарға интернет-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтамыз, — дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов. — Алдын ала төлем жасату схема кеңінен таралған болып саналады. Тауарды танымал веб-қызметтердегі жарнамалар арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлем жасауға келіспеуіңіз керек, егер сіз нақты адаммен жұмыс жасайтындығыңызға толық сенімді болмасаңыз, сіздің талаптарыңызға сәйкес қосымша фотосуреттер мен жеке бейне шолуды сұраңыз. Жаңа схема көптеп кездеседі – банктің қауіпсіздік қызметінен немесе зейнетақы қорынан қоңырау шалып тұрмыз деп айтуы мүмкін. Алаяқтар адамдарды біреу оның шотынан қаражат алып жатыр деп сендіреді. Қаскөйлер көбінесе құрбандардың құпия деректерін біледі. Алайда, олар банктік картаның PIN кодын немесе SMS хабарлама түрінде келген кодты білмесе, олар ештеңе істей алмайды. Біз сіздерден алаяқтардың арбауына түсіп қалмауларыңызды, кодтар мен парольдерді ешкіммен бөліспеулеріңізді, жеке құжаттарыңыз бен банктік карталарыңыздың фотосуреттерін ешкімге жібермеулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру