Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері оқу орындарына жақын жол желілерін тексеруде

Сабақтар басталар алдында СҚО полицейлері оқу орындарына жақын жол желілерін тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы таяп келеді, мектеп оқушылары жол қозғалысына қатысушыларына айналатын сөзсіз. Мектеп сабақтары қарсаңында өтетін “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО полицейлері оқу орындары жанындағы жол инфрақұрылымдарын тексереді.

Жаяу жүргіншілер өткелінің барына, олардың техникалық жабдықталуы мен талаптарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінеді. Жол белгісі, белсенді белгілерді жарықтандыру, қоршау, жасанды жарық – бұл элементтер мектеп пен метепке дейінгі мекемелер аудандарында жол желісі учаскелерінде жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруы тиіс. Жергілікті атқарушы органдармен, жол және коммуналдық қызметтермен бірлесе жұмыс атқарылуда. “Дорсигнал” ЖШС қызметкерлері жаяу жүргіншілер белгілерін жаңартуда. Кемшіліктер анықталған кезде тәртіп сақшылары оларды жою туралы ұйғарым толтырады, ол мүдделі қызметтерге жолданады.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Назар Байматовтың айтуынша, бүгінгі таңда 98 тексеріс өткізілген, оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 28 ұйғарым берілді. 36 жол белгісі анықталып, ауыстырылды, 245 м² жол белгісі салынды. Жалпы ауданы 1200 м² шұңқыр жерлерге жөндеу жұмысы жүргізілді, екі жасанды бұдырлық орнатылды.

“Абайлаңыз, балалар!” ЖПІШ дайындық кезеңі тамыздың соңында аяқталады, 1 қыркүйектен балалар жол-көлік жарақатын азайту бойынша полицейлердің негізгі жұмысы басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру