СҚО полицейлері оқушылар мен болашақ аналарға жол қауіпсіздігі туралы айтып берді
СҚО полицейлері оқушылар мен болашақ аналарға жол қауіпсіздігі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан полицейлері мектептерге барып, оқушыларға бағдаршам мен реттеушінің сигналдары туралы айтып, жолдың жанында ойнамауға кеңес береді. Аулада тұрған көліктердің алдына немесе артына ойламаған жерден жүгіріп шығуға болмайды. Күн жылынғаннан бері 14 жасқа толмаған балаларға велосипедпен жүруге тыйым салынғанын еске салу өзекті болып тұр. Полицейлер мектепке және үйге өз бетінше баратын орта сынып оқушыларына ерекше назар аударады.
Тәртіп сақшылары болашақ аналардың назарын балаларды тасымалдау кезінде балалар креслоларын пайдалану қажеттілігіне аудару үшін перинаталдық орталықта болып қайтты. Бұл жұмыс балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан алатын жарақатын азайтуға бағытталған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акциясы аясында жүргізіліп жатыр.
– Сонымен қатар жолдарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Рейд нәтижелері профилактикалық жұмыстың өзектілігін көрсетеді. 27 наурызда басталған акцияның алғашқы 7 күнінде қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау немесе балаларды балаларды ұстайтын құрылғысыз тасымалдау туралы 62 факт, жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеудің 52 фактісі анықталды. Сонымен қатар қиылыстардан өту ережелерін бұзудың 144 дерегі анықталды. Көбінесе жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін бұзады: 657 адам жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткені үшін жауапқа тартылды. Балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқы ересектердің оң мысалынан басталатынын түсіну маңызды. Қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібін арттыруға бағытталған жұмыс бұдан әрі де жүргізілетін болады, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.