Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Отбасы күні қарсаңында ардагерлердің үйіне барып қайтты

Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкерлері дәстүрлі түрде ведомство ардагерлеріне барып қайтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Кәрібаев және Петропавл қалалық ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов отставкадағы милиция майоры Сәкен Бакетов ардагердің үйіне барып қайтты.

Сәкен Бакетов қызмет еткен жылдары учаскелік инспектор да, анықтаушы да болған, СМҰҚБ-да қызмет етті.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жылдар бойы төлқұжат үстелінде жалдамалы болып жұмыс істеген Людмила Снежицкаяға барды. Ардагерлер қызметкерлерге өз қызметтері туралы айтып берді.

– Зейнеткерлерге қамқорлық жасау — полицейлердің назардан тыс қалдырмайтын дәстүрі. Аға буын әрқашан құрметке лайық. Полиция қызметкерлері өмірін қылмыспен күресуге және құқықтық тәртіпті сақтауға арнаған адамдардың тәжірибе алуға қашанда дайын, – дейді Петропавл қ. ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру