Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясын өткізді

СҚО полицейлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атауымен өткізіліп жатқан республикалық акция аясында ақпараттық жұмыс жүргізуде. Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мәселесіне назар аударту үшін тәртіп сақшылары барлық ресурстарды пайдалануда. Әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, үй-үйді аралау күшейтілді. Сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтай отыра, полицейлер қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Александр Розбахтың басшылығымен аудан орталығы Бескөлдегі Халыққа қызмет көрсету орталығына барып қайтты. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының  аға инспекторы Әсия Әбжанова және Қызылжар ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция Айнұр Балғожанова аудан тұрғындарына отбасында зорлық-зомбылық орын алған жағдайдағы іс-әрекеттердің алгоритмі және байланыс телефондары көрсетілген жадынамалар таратты. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы маусымның 21-30 аралығында өткізіледі. Негізгі мақсаты – «отбасындағы жанжалға» бейім тұлғалар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, сондай-ақ тұрғындарды қайғылы оқиғаларға тап болмаудың жолдары жайлы ақпараттандыру.

Қазіргі таңда «әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы» қызметі енгізіліп, СҚО-дағы 13 аудандық полиция бөлімдерінің әрқайсысында, сондай-ақ Петропавл қаласының Полиция басқармасында да жасақталды. Айта кетсе, бүгінде қалалық полиция қызметкерлері түсіндіру мен профилактиканы ұйымдастыруда ең белсенді: бір жыл бұрын жергілікті полиция қызметі бөлімі Telegram мессенджерінде @mejdunamigovory ақпараттық каналын құрды, сонымен қатар WhatsApp желісінің  8-708-432-45-61 және 102 телефон  нөмері әрдайым байланыста.

Үйдегі «тыныштық пен қауіпсіздік» кез-келген адам үшін аса маңызды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған полиция бөліністері психологтармен және басқа мамандармен тығыз жұмыс істейді. Жанұядағы зорлық-зомбылыққа шыдап жүруге болмайды,  тез арада көмекке жүгіну қажет. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 300-ден астам құқық бұзушы тұрмыстық зорлық-зомбылық желісі бойынша әкімшілік қамауға алынды. Қорғаныс ұйғарымын бұзғаны үшін 66 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер  кез-келген уақытта 102  телефон нөмірі, сонымен қатар 102 мобильдік қосымшасы (App Store және Google Play  ҚР ІІМ-нің ресми қосымшасы арқылы) арқылы да жүгінуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру